Online курс тыңдаушысына арналған нұсқаулық
8-қадам. Online курстың өтуін бақылау
Бұл қадам тыңдаушыға курстың өту процесін және мерзімдері көрсетілген бақылау нүктелерін қадағалауға мүмкіндік береді. Ол үшін жүйеде келесі блоктар қолданылады:
- «Күнтізбе» блогы – тапсырмаларды орындау, чаттар, семинарлар өткізу, сондай-ақ тыңдаушылар енгізген оқиғалар мерзімдері көрсетілген курс оқиғаларының блогы. Бұл блок тыңдаушыға өз жұмыс кестесін құруға, оқу жүктемесінің кестесін өз бетінше жоспарлауға мүмкіндік береді.
- «Уақыт шкаласы» блогы тыңдаушының Жеке кабинетінде орналасқан, ол күндер немесе курстар бойынша сұрыптауға болатын жақын оқиғаларды көруге мүмкіндік береді.
- «Бағалау» блогы тапсырмалар бөлінісінде қойылған бағалар туралы барлық ақпаратты қамтиды. Бағаларды көру үшін таңдалған online курстың навигация тақтасында аталған опцияны басу керек.
- «Курстар бойынша жиынтық» блогы тыңдаушының Жеке кабинетінде орналасқан, онда курстағы оқу барысын көруге, сондай-ақ курстарды сұрыптау түрін және оларды көрсету тәсілін таңдауға болады.