Online курс тыңдаушысына арналған нұсқаулық

8-қадам. Online курстың өтуін бақылау

Бұл қадам тыңдаушыға курстың өту процесін және мерзімдері көрсетілген бақылау нүктелерін қадағалауға мүмкіндік береді. Ол үшін жүйеде келесі блоктар қолданылады:

- «Күнтізбе» блогы – тапсырмаларды орындау, чаттар, семинарлар өткізу, сондай-ақ тыңдаушылар енгізген оқиғалар мерзімдері көрсетілген курс оқиғаларының блогы. Бұл блок тыңдаушыға өз жұмыс кестесін құруға, оқу жүктемесінің кестесін өз бетінше жоспарлауға мүмкіндік береді.

«Уақыт шкаласы» блогы тыңдаушының Жеке кабинетінде орналасқан, ол күндер немесе курстар бойынша сұрыптауға болатын жақын оқиғаларды көруге мүмкіндік береді.

«Бағалау» блогы тапсырмалар бөлінісінде қойылған бағалар туралы барлық ақпаратты қамтиды. Бағаларды көру үшін таңдалған online курстың навигация тақтасында аталған опцияны басу керек.

«Курстар бойынша жиынтық» блогы тыңдаушының Жеке кабинетінде орналасқан, онда курстағы оқу барысын көруге, сондай-ақ курстарды сұрыптау түрін және оларды көрсету тәсілін таңдауға болады.