Online курс тыңдаушысына арналған нұсқаулық

4-қадам. Таңдалған курсқа өтінім беру

Бұл қадам тыңдаушыға оқу үшін таңдалған online курстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Сол жақта орналасқан навигация тақтасында «Бастапқы бет» опциясын таңдау керек. Содан кейін оң жақта орналасқан «Негізгі мәзірде» «Өтінім беру» опциясын таңдаңыз. Ашылған терезеде «Жазба қосу» қосымша бетін таңдаңыз, содан соң «Оnline курстың атауы» жолында тізімнен қызығушылық тудырған курсты таңдаңыз, скан түбіртекті тіркеңіз және «Сақтау және қарау» батырмасын басыңыз.