Online курс тыңдаушысына арналған нұсқаулық

3-қадам. «Moodle» жүйесіне кіру және online курс тыңдаушысы тура

Бұл қадам тыңдаушыға ЖАОК платформасының негізінде жатқан «Moodle» жүйесінде авторизациялануға мүмкіндік береді.

Логин мен парольді қолдана отырып, тыңдаушы платформаға https://mook.buketov.edu.kz/login/index.php сайты арқылы кіруі керек.

 

Кіру сілтемесі жоғарғы оң жақ бұрышта орналасқан. Оны басу арқылы тыңдаушы тіркелген пайдаланушы ретінде кіру мәзіріне рұқсат алады. 


Тыңдаушы жүйеге кірген кезде тыңдаушы жазылған навигациядан, курстардан, online курстар каталогы мен негізгі мәзірден тұратын Үйге бет ашылады.


Тыңдаушы тіркеу кезінде енгізілген өзі туралы ақпаратты тексеруі қажет. Егер ақпаратты өзгерту қажет болса, онда редакциялаудың екі әдісінің бірін қолдануға болады.

Бірінші әдіс. Жоғарғы оң жақ бұрышта пайдаланушының атын басыңыз, түсетін тізімнен «Пайдаланушы туралы» опциясын таңдаңыз.

 

Ашылған терезеде жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Ақпаратты өңдеу» батырмасын басыңыз.


Екінші әдіс. Жоғарғы оң жақ бұрышта пайдаланушының атын басыңыз, түсетін тізімнен «Баптаулар» опциясын таңдаңыз. 


Ашылған терезедегі «Пайдаланушының есепке алу жазбасы» қосымша бетінде «Ақпаратты өңдеу» опциясын таңдаңыз.


Осы әдістердің кез-келгенін пайдалану нәтижесінде толтыруға қажетті бөлімдер ұсынылатын «Ақпаратты өңдеу» терезесі шығады.


«Негізгілер» бөлімін толтырған кезде «Аты» жолына аты мен әкесінің атын (бар болса) енгізу қажет. Бұл жазба сертификатты ресімдеу кезінде пайдаланылатын болады. Сондықтан бұл деректерді жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес енгізу маңызды. «Пайдаланушының бейнесі» бөлімінде тыңдаушының фотосуретін жүктеу керек. Фотосурет стилі іскерлік сипатта болуы керек. «Басқа жолдар» бөлімінде ағылшын тілінде тегінің, атының және әкесінің атының (бар болса) жазылуын көрсету, сондай-ақ ұйымды, қызмет бейінін және лауазымын көрсету қажет.

Барлық толтырылған жолдарды сақтау үшін «Бейінді жаңарту» батырмасын басыңыз.