Курс ақпаратты алу, тарату және бұқаралық ақпарат құралдары саласында әлеуметтік медиа маркетингін (SMM) дамытуды қашықтықта оқытуда қолдануға арналған.
Курс жоғары оқу орнында оқитын студенттерге, SMM саласында жұмыс жасайтын мамандарға, блогерлер мен журналистика саласында сабақ беретін оқытушылар үшін жасалған.
Курстан өту нәтижесінде тыңдаушылар әлеуметтік медиа маркетингінің негіздерін, SММ маманының негізгі қызметтерін, әлеуметтік желілер мен қосымшаларды қолдану арқылы желіде ақпарат алу мен таратуды, instagram және facebook платформаларында таргет жарнамасын жасау мен жариялауды, кәсіпке арналған әлеуметтік желі парақшаларын ашу мен жүргізуді, мадиа план құруды, сатылымдық мәтін жазу технологиясын үйренеді.
Курсты сәтті өту үшін тыңдаушыға дербес компьютер немесе ноутбук, сондай-ақ еркін пайдалану дағдылары қажет.
Курстың ұзақтығы-72 сағат.
Курс авторы:
Амангелдиева Гулмира Сабыровна - PhD, журналистика кафедрасы профессордың ассистенті