«Мәдени құқықтар және мәдени мұраны қорғау» курсы білім алушыларға, мәдениет саласының қызметкерлеріне арналған. Бұл тыңдаушыларға адам құқығын қорғау, заңдылықты нығайту және құқықтық мемлекет құру ісіндегі Қазақстан Республикасында және қазіргі әлемде мәдени құқықтарды нормативтік-құқықтық бекітуді жетілдіру мәселелеріне; заңнаманы қоғам өмірінің барлық салаларында, оқу орындарында дұрыс қолдануға үйретуге мүмкіндік береді.

«Мәдени құқықтар және мәдени мұраны қорғау» тыңдаушыларға адам құқықтарының жүйесін зерттеуге, соның ішінде мәдени құқықтар қызметінің мазмұнын ашуға және жүзеге асыруға ықпал ететін факторларды қарастыруға көмектеседі.

Мәдени құқықтар мен бостандықтар адамдардың рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолдана алатын ең үлкен игілік екендігінде күмән жоқ. Демократиялық мемлекетте мәдени құқықтар сұранысқа ие және сенімді қорғалуы керек. Адамның мәдени құқықтарының мазмұнын, жаңа мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін танудың құрылымдық-жүйелік ұйымын кеңейту; жеке тұлғаның өзін-өзі дамуын қамтамасыз ету; шығармашылық қабілеттерін кеңінен ашу; мәдени сәйкестендіру мен рухани әлеуетін қамтамасыз ету, мәдени төлтумалылықтың, мәдени өмірге және мәдени мұраға қатысудың, білім беру мен оқытудың түрлі көріністері туралы барынша мәліметтерді тиімді жинау үшін өте жарамды.

Курсты PhD докторы, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Бирманова Ақсұңқар Исланбековна өткізеді.

Бұл курсқа 28.09.2022 бастап 12.10.2022 дейінгі кезеңде қатысуға болады.