Курсты біз функционалды сауаттылықты арттыру жолдары туралы ұғымынан бастаймыз. Содан кейін оқу сауаттылығы құрылымының үш басты аспектісі, мәтінге сүйену, мәтіннен тыс білімге сүйену, оқырмандық біліктілік, мәтін туралы теориялық ұғым, интертекс мәселелерін түсіндіруге көшеміз. Курс барысында білім алушыларға жоба, эссе жазудың және тақырып жаңашылдығына қалай келу керек екендігі айтылады. Мектеп бағдарламасына енгізілген әдеби шығармалар тақырып пен идея, қаламгер зертханасы, шығармашылық психология тұрғысынан талданады. Оқушылармен шығармашылық жұмыс жасаудың алғышарттары зерделенеді. Білімдеріңізді тексеру үшін тапсырмалар беріледі. Барлық тапсырма бағаланады.

Курс аяқталғаннан кейін сіздер жалпы сауаттылық және  коммуникативтік сауаттылық аспектілерін меңгересіздер.