Онлайн курс белгілердің тәуелсіз тұқым қуалауы жағдайында моно-, ди - және полигибридті будандастыру бойынша, тіркескен тұқым қуалау және кроссинговер бойынша генетикалық есептерді шығару әдістемесіне арналған. Курс жоғары оқу орындары мен колледж оқытушылары, мектеп мұғалімдері, биологиялық, медициналық немесе ауылшаруашылық мамандықтарында оқитын студенттер, жоғары сынып оқушылары үшін құрастырылған. Курсты аяқтау нәтижесінде тыңдаушы белгілердің тәуелсіз және тіркескен тұқым қуалаушылық жағдайларында тура және кері есептерді өздігінен шығара алады. Курсты сәтті өту үшін Г.Мендель және Т. Морган заңдары туралы қарапайым түсініктерге ие болуы, генетикалық символдармен таныс болуы, арифметикалық амалдарды орындай білуіңіз керек.
Курсты PhD докторы, ботаника кафедрасының доценті Жумина Асель Галымовна өткізеді.