Курс қазақ әдебиеті пәнін жүргізетін ЖОО оқытушыларына, орта мектеп,  колледж мұғалімдеріне арналған.

Бұл курс орта мектепте қазақ әдебиеті пәнін жаңартылған білім жүйесі  аясында оқытудың негізгі аспектілерін зерделеу негізінде қазақ әдебиеті  оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған.

Курс теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Теориялық бөлімде қазақ әдебиеті пәнінің жаңартылған оқу бағдарламасында  көрсетілген бөлім, бөлімше атауларына, оқу мақсаттарына қатысты пәндік терминдерді меңгерту, олардың мәнін түсіндіру, көркем мәтінмен жұмыс істеу кезеңдерін меңгерту, осы кезеңдерде және ойлау дағдыларының деңгейлері бойынша интербелсенді әдістерді қолдану ерекшеліктерін түсіндіру  мақсаты көзделеді. Практикалық бөлімде  курс тыңдаушылары  қысқа мерзімді жоспарларда көркем мәтінмен жұмыс кезеңдеріне байланысты тапсырмаларды орналастыруды және ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес интербелсенді әдістерді қолдануды үйренеді.

Курс пәнді оқытудың негізгі кезеңдерін қамтитын 8 тақырыптан тұрады.

Пәнді тиімді игеру үшін курс қатысушылары педагогика, психология, әдебиеттануға кіріспе, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәндері бойынша білім мен дағдыларға ие болуы керек.

Курстың ұзақтығы: 36 сағат.

Курс авторы: Рустемова Жанар Айдарбекқызы – филология ғылымдарының кандидаты, қазақ әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры.