;

Курс жоғарғы оқу орындарының студенттері, оқытушылары, магистранттары мен шетел тілі екінші шет тілі салаларының мамандарына арналған.

Бұл курста түрік тілінің бастапқы А1 деңгейіндегі ақпараттар мен мәліметтер және де тапсырмалар берілген.

Курс теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Теориялық бөлімде түрік тілінің бастапқы деңгейінің ерекшелігін түсінуге бағытталған нақты бағдарлама негізіндегі  мәліметтер қарастырылған. Оларды қолдану аясын түсіндіруге бағытталған. Практикалық бөлімде курс тыңдаушылары теориялық бөлімде алған білімдерін нақты бекітуге бағытталған  арнайы тапсырмалар қарастырлған.

Курс пәнді оқытудың негізгі кезеңдерін қамтитын 10 тақырыптан тұрады.

Курстың ұзақтығы: 36 сағат.

Әзірлеушілер:

Шукан Алия-педагогика магистрі, Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Шет тілдері факультетінің шет тілдерін даярлау теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы.

Асуман Ергюн-педагогика магистрі, Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Шет тілдері факультетінің шет тілдерін даярлау теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы.