Курс жоғарғы оқу орындарының студенттері, оқытушылары, магистранттары мен қолданбалы математика және экономика салаларының мамандарына арналған.

Бұл курста экономикалық есептердің негізгі математикалық моделдер мен оларды шешудің әдістері қарастырылған.

Курс теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Теориялық бөлімде экономикалық және өндірістік есептерді шешуге қажетті негізгі математикалық модельдер мен оларды шешу әдістері. Оларды қолдану аясын түсіндіруге бағытталған. Практикалық бөлімде  курс тыңдаушылары теориялық бөлімде алған білімдерін нақты экономикалық есептердін математикалық моделдерін құру, соның негізінде есептін шешімінің экономикалық талдауын беруді үйренеді.

Курс пәнді оқытудың негізгі кезеңдерін қамтитын 14 тақырыптан тұрады.

Пәнді тиімді игеру үшін курс қатысушылары жоғары математика курсы бойынша негізгі ұғымдарды білуі және векторлар мен матрицаларға қолданылатын амалдарды тиімді қолдана білу дағдысы болуы керек.

Курстың ұзақтығы: 36 сағат.

Курс авторы: Муратхан Райхан – 6D060200-Информатика мамандығы бойынша PhD, қолданбалы математика және информатика кафедрасының қауымдастырылған профессоры.