Бұл Visual Studio С# тілінде программалау (жаңадан бастаушылар үшін) курсы, IT-саласында бастапқы деңгейдегі тыңдаушыларға сондай-ақ жоғары оқу орнының IT білім беру бағдарламаларының білім алушыларына және өздігімен үйренемін деушілілерге қызығушылық тудырады.
Курсты сәтті аяқтау үшін сізге алгоритмдер, программалау тілдерінің жіктелуі, программалау принциптері бойынша негізгі ұғымдарды білу қажет болады.
Біз Visual Studio C# тілінің синтаксисімен және оның семантикасымен танысып, сонымен қатар C# программалау ортасында жобаны құруды, негізгі деректер типтерімен, программа құрылыммен, компоненттермен, басқару операторларымен, жолдармен және массивтермен жұмыс жасап, қосымшаларды құруды үйренеміз.
Курс тыңдаушылары Visual Studio С# ортасында әр түрлі деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы программалау дағдыларын меңгереді.
Үйренген әдістеменің арқасында берілген тапсырмаларды оңай әрі дербесорындай алады.