«Блокчейн технологиясын енгізу және қолданудың мүмкіндіктері жөнінде біліктілікті жоғарылату» біліктілікті жоғарылату бойынша жаппай ашық онлайн-курстар контенті кәсіпкерлер,  қаржы саласының қызметкерлері, электрондық коммерция саласындағы бизнеспен айналысушы субъектілер, мемлекеттік қызмет көрсету саласының қызметкерлері, ЖОО ның оқытушылары мен студенттері, жалпы қауым үшін пайдалы болады.

Берілген курста блокчейн технологиясының экономикалық және құқықтық аспектілері жөнінде барлық қажетті ақпараттар беріледі, нақты мысалдармен түсіндіріледі.

Білімдерін тексеру үшін тыңдаушыға кейс түріндегі тапсырмалар ұсынылады. Барлық тапсырмалар бағаланады.

Курсты сәтті аяқтау үшін тыңдаушыға дербес компьютер немесе ноутбук, сонымен қатар операциялық дағдылар қажет.

Курсты сәтті аяқтаған тыңдаушыларға сертификат беріледі.

Курстың ұзақтығы 36 сағат.

 Курс авторлары:

Ильясова Гүлжазира Актуреевна - Заң ғылымдарының кандидаты, профессор

Академик Е.А. Бөкетов атындағы зерттеу университетінің азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының профессор-зерттеушісі;

 Сабыржан Али - Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент

Академик Е.А. Бөкетов атындағы зерттеу университетінің экономика және халықаралық бизнес кафедрасының профессоры

 Токатов Руслан Алтаевич - Заң ғылымдарының магистрі

Академик Е.А. Бөкетов атындағы зерттеу университетінің азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы

 Базаров Мади Мансурович - Заң ғылымдарының магистрі

«RT-Group» ЖШС заңгері